Бүгін Бас мүфти бұйрығымен Ақтөбе қаласына жаңадан наиб имамдар тағайындалды. «Ақтөбе» медресесінің биылғы түлектері – Юсупов Руслан «Бақытжан» мешітіне наиб имам болса, Бисенов Маханбет «Досжан хазірет» мешітінің наиб имамы болды. Өкіл имам Төлеби Оспан жұма намазына жиналған «Досжан хазірет» мешіті жамағатына «Білімді мен білімсіз тең бе?» атты тақырыпта уағыз айтып, жаңадан келген наиб имамды таныстырды. Ал, М.Бисеновты таныстыру қалалық мешіттің Бас имамы С.Еншібайұлына жүктелді.
Сондай-ақ, бұған дейін – «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің 2016 жылғы 4 түлегі облысқа қызметке тартылған болатын. Олар: Темірханов Асылхан – «Нұр Ғасыр» мешітіне наиб имам; Жұмабек Бекболат – «Ақтөбе» медресесіне ұстаз; Шахатаев Жұмабекшах – Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітіне наиб имам; Қырықбаев Нұрлан – Қарғалы аудандық мешітіне наиб имам ретінде тағайындалды. Сонымен қатар, Досаналиев Мұрат пен Күзенбаев Нұрлыбек – «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне наиб имамдық қызметке кірісті.
Қорыта келе, бүгінгі таңда облысқа Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жолдауымен 8 діни маман келсе, оның 5 жоғары діни білімді, қалған 3-і орта діни білімді мамандар. "Жас келсе іске" деген. Ендеше, жауапты да сауапты діни қызметке кіріскен әріптестерімізге сәттілік және үлкен табандылық тілейміз.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.09.2016
3484
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру