Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірт қыз-келіншектерге Cертификат табысталды

05.09.2016 3226 0 пікір

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігіне қарасты  Сарыағаш ауданы орталық «Сарыағаш орталық» мешітінде қыз-келіншектер сауат ашу курсы Ислам дінін үйрену үшін арнайы қызмет көрсетті.

Онда қыздарға ақида, фикһ, сира, Құран бойынша Нарметова Захира дәріс оқыды.

Тоқсан бойы берілген дәрістің соңы емтихан алу әрі арнайы Сертификаттар табыстау арқылы қорытындыланды. Білім алған қыз-келіншектерден емтихан алу үшін ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің найб имамы Е.Қарақұлов және Шымкент қаласы Абай аудандық «Қождан ата» мешітінің Бас имамы Д.Желеуов арнайы шақыртылды.

Имамдар емтиханды қорытындылап, Сертификаттарды табыстап, шәкірттерге ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да еліне қызмет ететін инабатты да ибалы болуларына тілектерін білдірді. Бұл үрдіс бұдан кейін де жалғасын табатынын жеткізді.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру