Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маусымдық кездесудің жалғасы Исатайдан басталды

05.09.2016 3586 0 пікір

Бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры Атырау облысы Исатай ауданында аудандық ішкі істер және төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлеріне «Діни жат ағымдармен күресудің жолдары» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырды.

Аталған шараға «Шапағат» орталығының директор орынбасары, теолог Айбек АТАШЕВ және білікті теолог Мейіржан РАХМАТУЛЛА қатысып, теріс діни ағымдардан сақтану мен дәстүрлі діни бағыттың жолдарын ұстануға дұрыс бағдар беру мақсатында келелі ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде түсірілген «Ақиқатты тапқан күн» атты деректі фильм көрсетіліп, сараптамадан өткен ақпараттық діни материалдар таратылды.

Кездесу соңы қатысушылар тарапынан қазіргі жастардың діни бағыты қандай, жат пиғылды ағымдардың жетегінде емес пе, неге жаппай діншіл болып кеттік? – деген түрлі сауалдарына тұщымды жауаптарын алып, ризашылықтарын білдірді.

Кездесуден кейін дін мамандары аудандық «Зейнеден Ата» орталық мешітінде болып, «Ханафи фиқхын, матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру» мақсатында мешіт жамағатына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, теологиялық мәселелермен келген аудан жұртшылығымен жеке кездесулер өткізіп, консультациялық кеңестер берді.   

Облысымызда тұрғындардың руханияты мен имандылығын арттыратын ғибраты мол іс-шараларға үлес қосып, әсерлі кездесулер ұйымдастырған «Шапағат» орталығына және дін мамандарына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Саябек ШАГИРОВ және аудандық «Зейнеден Ата» орталық мешітінің Бас имамы Құрметқали Бақтығұлов алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру