Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қан тапсырып бауырыңа өмір сыйла

02.09.2016 3262 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі және мешіт жамағаты «Жақсылық жасауда жарысыңдар» деген хазіретті Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисіне амал етуге тырысып келеді.

Мұның айғағы, облыстық «Қан орталығы» мекемесі Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітіне «Бауырыңа өмір сыйла» деген атпен қан тапсыруға ұсыныс жасаған болатын.

Бұл ұсыныс ерікті жамағат тарапынан және облыс орталығына таяу қалалар мен аудандар тарапынан қолдау тауып, иманды азаматтар донор болды.

Жалпы бұған дейін де мұндай шаралар тұрақты негізде жүргізіліп келген.

Өз кезегінде облыстық «Қан орталығы» ұжымы мұсылмандар тарапынан жасалған ұсыныстың әрдайым қолдау табылатынына ризашылығын білдірді.

 

 

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру