Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО-да Құрбан айтқа байланысты баспасөз конференциясы өтті

01.09.2016 3546 0 пікір

Құрбан айт – барша мұсылманның ұлық мейрамы!

Биыл мұсылмандар қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамын Қазақ Елі 12 қыркүйекте тойлайды.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, облыстық «Нұр-Отан» ғимаратында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен  барша мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айтқа байланысты дайындық жұмыстары туралы баспасөз конференциясы болып өтті. 

Айт күні - аса салтанатты, қуанышты күн. Әр иманды адам осы қасиетті күнге ерекше дайындалып, оны мейрамдап өткізсе нұр үстіне нұр. Айт арабтың –«әл ғ'ид» деген сөзі "мейрам", "мереке" деген мағына береді.

Баспасөз конференцияда облыстық орталық мешітінің Бас имамы Руслан қажы Сұлтанов, алдымен, исі мұсылман жамағатын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, тапсырмаға орай ұлттық нақышпен өткізетіндігін жеткізді. Құрбан айттың маңыздылығына тоқталып, құрбандық шалуға ерекше мән берді. Алла қаласа, 12 қыркүйек күні Кеңес одағының батыр қызы Мәншүк Мәмбетова атындағы алаңда асық ату, тоғыз құмалақ, балуандар күресі т.б. спорттық шаралардың болатындығын жеткізді.

Баспасөз конференцияға басқарма басшылары, діни істері басқармасының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Биылдан бастап мешітте құрбандық малдары сойылмай, арнайы белгіленген орындарында сойылатындығын облыстық, қалалық газет беттерінде жарияландығын жеткізді.

Облыстық «Қазақстан-Орал», «ТДК-42» телеарналарына ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы «Құрбан айт» жайында сұхбат берді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру