Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауда құрбан айтқа дайындық пысықталды

01.09.2016 3156 0 пікір

Исі мұсылман үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі - ұлық мереке. Ұлық мерекені жоғары деңгейде өткізу қажет. Осы орайда Маңғыстау облыстық орталық мешітінде облысқа қарасты барлық деңгейдегі имамдардың кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков төрағалық етті.

Күн тәртібінде облыс бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланып, келе жатқан «Құрбан айт» мерекесіне орай, Діни басқарма міндеттеген тапсырмаларды жоғары деңгейде атқару мәселесі пысықталды. Құрбан айт - мемлекеттік мереке. Осы күні ел халқы мереке күні ретінде демалады. Олай болса, мешітке келуші әрі құрбан шалушы жамағат саны көп болары анық. Сондықтан, құрбан шалудың ережелерін насихаттау әрі шалынған құрбандық еттерін мұқтаж жандарға тарату мәселесі тапсырылды.

Бас мүфти тапсырмасына сәйкес айт күні мешіт ауласына киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жамағат арасында жарыстар ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізу қажеттігі тапсырылды.

Өкіл имам жиналыс барысында Маңғыстау облысынан "Нұр-Мүбарак" университетіне 23 талапкер жолданғанын, оның ішінде 10 шәкірт грантқа түссе, 8 шәкірт ақылы бөлімге түскенін жеткізді. Ал, медреселер мен қарилар орталығына 45 талапкер жолданып, олардың басым көпшілігі оқуға қабылданғанын айта келіп, шәкірт жолдауда көбірек үлес қосқан имамдарға алғыс білдірді.

Қазіргі таңда имамдар үшін басты мәселенің бірі - жат ағым өкілдерімен жұмыс жасау. Олармен жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, райынан қайтару - өзекті болып тұр. Өкіл имам «барлық имамдар осы мәселені мүмкіндігінше атқаруы тиіс» дей келе, баса назарға алынатын әрі атқарылуы кезек күттірмейтін мәселе деп ескертіп, жасалған жұмыстардың есебін беруді тапсырды.

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру