Тамыз айының 25-26 күндері «Нұр-Ғасыр» облыстық орталық мешіті және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теологтары бірлесіп, Хромтау ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-сапарында бірқатар мекемелерде «Жат ағыммен күрес немесе діни тұрақтылыққа – сауаттылық арқылы жетудің жолдары» атты тақырыпты негізге ала отырып, халықтың діни түсінігін түзету мақсатында уағыз-насихат және пікір алмасу өткізді. Түсіндіру тобында «Нұр-Ғасыр» орталық мешітінің жаңадан келген наиб имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері Ұлқабаев Сансызбай мен Орынбай Мәди және облыстық жастар ресурстық орталығының бас маманы Есетова Айгүл болды.
Іс-сапардың алғашқы күні «Хромтау» аудандық мәдениет үйінде «Дөң тау-кен байыту» комбинатының жұмысшыларымен және Бөгетсай, Тамды Қопа ауылдық мәдениет үйлерінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың көкейтесті сауалдарына жауап берді. Екінші күнгі кездесу аудандық мектеп мұғалімдеріне бағытталып, оқушылар теріс ағым жетегінде кетпеу, оларды ажырата білу және жат ағымның алдын алу мәселесі бойынша дәрістер оқылды.
Нұрлыбек Шәкизадаұлының насихат жұмыстары жұма күні Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Басшыға бағыну» тақырыбында жұма уағызын айтумен жалғасты. Жамағат бірлігі, ынтымағы сөз етілді. Сәләфи ағымының алдын алу мәселесі қозғалды. Жекелеген түсіндіру жұмыстары да күн тәртібіне сай өткізілді. Сондай-ақ, түсіндіру тобы аудандық ауруханадағы емделушілермен сұқбаттасуды да ұмыт қалдырмады.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.09.2016
3813
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру