Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАРАҒАНДЫДАН ҚАЖЫЛАР ҰЛЫҚ САПАРҒА АТТАНДЫ

01.09.2016 3078 0 пікір

Қарағанды қаласының теміржол бекетінен қажылық сапарға аттанғалы тұрған қажыларды ҚМДБ Қарағанды облысындағы өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы шығарып салып, дұға-тілектерін айтты. Қажылыққа жіберу маусымы басталғалы еліміздің түкпір-түкпірінен қасиетті мекен Меккеге барып, қажылық парызын өтеймін деушілердің саны жылдан-жылға арта түсуде. Биылғы жылы қажылардың Астана, Алматы, Шымкент  қалаларынан Медине қаласына тікелей әуе рейстері арқылы ұшуға мүмкіндіктері бар.  Исламның 5 парызының бірін орындауға аттанғалы тұрған жерлестерімізге «Mina tour» туристік компаниясы қызмет етеді.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру