Тамыз айының 31 күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ҚМДБ Павлодар облысына қарасты қала, аудан имамдарының кезекті жиналысы өтті.
Жиналыста құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізу, жат ағымдар алдын алу, жастарды сақтандыру, ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» мәселелері жайында түсініктер беру, мешіт құжаттарын талапқа сай реттеу, қала, аудан мешіттерінің 2017 жылға «Ислам және Өркениет» газеті, «Иман» журналына жазылуы туралы мәселелер қаралып, аталмыш тақырыптар кеңінен талқыланып, бірауыздан пәтуаласқан ұтымды шешімдер қабылданды.
Биылғы Құрбан айт мерекесінің алғашқы күнінде Павлодар қаласындағы барлық мешіттер бірлесіп «Қалалық жастар саябағында» мерекеге арналған ауқымды көлемде рухани, спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға шешім қабылданып, арнайы бағдарламасы бекітілді.
Жиналысты ҚМДБ-ның өкіл имамы Нариман Ермекұлы қорытындылап әрбір қала, аудан имамдарына жекелей тапсырмалар берді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.08.2016
3403
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру