Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада қала және аудан имамдарының Құрбан айтқа дайындығын пысықтады

31.08.2016 3983 0 пікір

Қыркүйек айының 12 жұлдызы барша мұсылмандардың Ұлық мерекесі болған Құрбан айт мейрамы келеді. Қазақ халқы аталмыш мерекені ерекше ықыласпен күтіп, құлшылығын жасап, құрбан шалуға асығатыны белгілі.

Осы бағыттағы шараларды атқаруда мешіттердің, мешіт имам-молдаларының қосар үлесі де зор.

Осы орайда, ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты қала және аудан имамдарының жиыны өтті.

Жиында ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Құрбан айт мерекесінде қайырымдылық шараларын күшейту, мал союдың ережелерінің сақталуы, қасапшыларға арнайы түсіндірме жұмыстарының жүргізілуі, мешіттердің дайын болуы секілді тапсырмаларды жүктеп,  жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Одан бөлек бұқаралық ақпарат құралдарында  Құрбан шалудың ерекшелігі мен талаптары турасында ақпараттық насихаттық мақалалардың жарық көруін, мешіттерде арнайы ақпараттық тақталардың ілінуін тапсырды.

Өз кезегінде қала және аудан имамдарының дайындығы жайлы тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

         


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру