«Нұр Ғасыр» мешітінде ақсақалдар алқасының отырысы өтті. Дастархан басында ақсақалдарға өкіл имам Төлеби Оспан Рамазан айында атқарылған іс-шаралар мен көрсетілген көмек жөнінде есеп берді. Алқа мүшелері мешіт қызметіне және қаражатқа қатысты жариялылыққа оң бағаларын берді.
«Қазіргі қоғам тәрбиесіне ықпал ету ақсақал үшін үлкен сын. Біз мешіт ашылғалы біршама іс-шаралардың басы-қасында болдық. Имамдарға жәрдем еттік. Алайда біздің жасымыз біршамаға келіп қалды. Қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде атсалысу, жиналыстарға қатысу қиындау болып отыр. Сондықтан, ізімізді басып келе жатқан бүгінгі аға буынды дін қызметінің жандануына тартуымыз керек», - деген төраға Қабден Қуандық қажы ақсақалдар алқасын таратып, жаңа құрамды жасақтауды ұсынды. Ақсақалдар тарапынан ұсыныс қабылданып, баталарын берген соң жаңа құрам мүшелерін таныстырылды.
Нақтырақ айтқанда, Оспан Төлеби, Ахан Бекежан қажы, Құрманалин Бауыржан қажы, Дәулеталин Ғалым қажы, Кеулімжаев Қаныбек қажы, Махатов Әкімкерей қажы, Абдуллин Бекбол, Дауылбаев Есім, Қосанов Жетес, Қоңырбаев Сағымбай алқа мәжілісінің мүшелері ретінде бекітілді.
«Ақсақал мешіттің сәні, жамағаттың көркі. Көпшілік арасында бата беріп, көрген-білгенімен бөлісу – жастарға үлкен үлгі-өнеге. Ақсақалдың үйдегі орны төр болса, ал мешітте алғашқы сапта орны бар. Біз: «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар», - деген қазақпыз. Тіпті қарттарға құрмет көрсету – Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеті. Сондықтан сіздерге амандық тілейміз», - деп сөзін түйіндеген Бас имам Төлеби Дәділұлы мешіттің алқа мәжілісінің жаңа құрамына өз міндеттерімен таныстырды. Жаңа құрам ішінен мешіт қаржысын бақылайтын 3 адамнан тұратын комиссия тағайындалды. Сонымен қатар, мешіт айналасында орын алатын әр түрлі дау-дамайларды шешуге, қоғамдағы діни алауыздықтың алдын алуға белсенді түрде атсалысуға шақырды.
«Нұр ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.08.2016
4187
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру