Қазақстанда радикалды діни ағымдарға тыйым салу мәселесі қарастырылады. Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшысы Владимир Жұмақанов мәлім етті.
«Бұл сұрақ қолға алынды, оны жақтап отырғандар да, қолдамай отырғандар да бар. Идеологияға тыйым салу қиын. Дегенмен, 2011 жылдан бері болған оқиғалардың барлығы сәләфиттермен байланысты болды. Сондықтан, бұл мәселе ең жоғары деңгейде: Мемлекет басшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің деңгейінде қаралады деп ойлаймын», - деді ол тілшілерге берген сұхбатында. "Оның алдында ҚР ҰҚК басшысы, Алматы облысында ұсталған лаңкестер сәләфит болғанын хабарлаған еді", - деп жазады ҚазАқпарат АА.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.08.2016
5548
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру