
Жергілікті жердегі діни ахуалды назарда ұстау имамдардың басты міндеті саналады. ҚМДБ Ақмола облысы бойынша өкілі, «Науан Хазірет» мешітінің бас имамы қасиетті жұма күні Елордамен іргелес жатқан Целиноград ауданында іс-сапарымен болып қайтты. Алдымен аудан әкімі Мәлгаждар Тәткеев аудан орталығында салынып жатқан жаңа мешіт құрылысымен таныстырды. Бұл Алла үйі алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Мешіттің салынуына жергілікті халықпен бірге, аудан әкімі де үлкен үлесін қосып отырғанын атап өткен жөн.
Өкіл имам одан әрі аудандық мешітте жергілікті жамағатпен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Айтылған ұсыныс-тілектерге байланысты өз тарапынан тиісті шаралар қолданылатынын атап көрсетті.
Осы күні ол жергілікті мешіт ұйымдастырған «Мектепке – жол» шарасына қатысты.
Бақыт Смағұл
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.08.2016
3612
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру