
Маңғыстау облысына келген РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы тамыздың 26-28 аралығында өңірдегі аудан, қалаларда болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ол облыстық орталық мешітте жұма намазына қатысып, жамағатқа сенім құлшылығының дұрыс болуы жайында уағыз айтты. Сонымен қатар, 28 тамыз күні бесін намазынан кейін және шам намазынан кейін облыстық мешітте «Сенімге селкеу түсірмейік» тақырыбында уағыз айтты.
Ақида, яғни сенімге қатысты күрделі мәселелердің аражігін ашып, жамағаттың білгісі келген сауалдарына жауап берген Ризабек Батталұлы өзге ағымдарға тоқтала келе, олар сенімдерін тықпалау арқылы жастар санасына күмән салатынын баса айтып өтті. Мұнан шығатын жол - білім алу. Ол үшін ерінбей оқу, іздену және Ханафи мазхабын көркем түрде ұстану керек екенін жеткізді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.08.2016
3271
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру