Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауға РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы іс-сапармен келді (фото)

31.08.2016 3348 0 пікір

Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Ризабек Батталұлы  Маңғыстау облысына арнайы іс-сапармен келді. Жоспарға сәйкес, Ақтау, Жаңаөзен және Құрық мешіттерінде болған Ризабек Батталұлы жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат жүргізді.

Сенім, ақида мәселесімен қатар, асыл дінімізді насихаттауда зор үлес қосып жүрген Ризабек Батталұлы -  Имам Ағзам мазхабының кеңінен таралуы үшін әрі сәләфи, тәкфир ағымымен күресіп жүрген жүрген РАНТ тобының белді мүшесі.

Ризабек Батталұлы сәләфизм, уаһһабилік ағымдарына тойтарыс беру, олардың ұстанымдарындағы қателіктерді жамағатқа жеткізу үшін Жаңаөзен қалалық мешіті мен Қарақия аудандық мешіттерінде бесін және шам намаздарынан соң жамағатпен кездесу өткізді.

Ханафи мазхабының ұстанымдарын, Орта Азия елдерінің бұл мазхабты ұстануындағы ерекшеліктері жайында уағыз айтқан РАНТ мүшесі жамағаттың көкейін мазалаған сұрақтарына да тұшымды жауап берді.

 

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру