Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Мектепке жол акциясы жалғасуда

31.08.2016 3249 0 пікір

 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының  төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қолға алынған игі істің бірі бүгінде Алматы қаласы, Наурызбай ауданы мешіттерінің бірігуімен жүзеге асты.  «Абу Бакр» мешітінде  жаңа оқу жылы қарсаңында тағы да 70 балаға мектеп сөмкелері мен оқуға қажетті құрал-жабдықтары таратылды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында қуанышқа бөленген балғындар мен ата-аналарға Наурызбай ауданының бас имамы Ахметов М. «Білім жолындағыларға көмек» тақырыбында сөз қозғап, бүгінгі қайрымдылықтың негізгі мақсатын баяндады. Өз кезегінде сауапты шараны ұйымдастырған Наурызбай ауданының «Абу Бакр», «Қарағайлы», «Нұр», «Кулиза ана», «Ибраһим»  мешіттерінің Бас имамдары  мен қызметкерлеріне ата-аналар мен жас балғындар алғыс-тілектерін айтты.

 

Алматы орталық мешітінің

баспасөз қызметі 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру