Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорғанда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

29.08.2016 3614 0 пікір

Жыл сайынғы жаңа оқу жылының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы негізінде көмек көрсетіліп келе жатыр.

Биылғы игі шара Талдықорған орталық мешітінде 150  отбасының балаларына мектепке керекті құрал-жабдықтар таратылып, балалар қуанышқа бөленді. Бұл игі шараға ҚМДБ жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы   және ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев қатысты. Үрдіске айналған бұл қайырымдылық акциясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың және  жалғыз басты аналардың бүлдіршіндері сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушыларына материалдық қолдау көрсетілді.

Талдықорған өңірінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру