Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорғанда имамдарға арналған семинар өтті

29.08.2016 3467 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың білім деңгейін жоғарылату жолында аянбай еңбек етіп келеді. Жақында Талдықорған өңірлік «Иман» мешітінде Талдықорған өңірінің қалалық, аудандық және ауылдық мешіттерінің имамдары қатысқан білім жетілдіру семинары болып өтті. Аталмыш семинарда имам-молдалар діни басқармадан арнайы келген жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлынан дәріс алды. Сондай-ақ, семинарда діни басқарманың жүйелі жұмысы және де қазіргі заман көшінен тыс қалмау мәселелері де айтылды. Сонымен қатар, семинар-дәрісте имамның тақуалығы, кішіпейілдігі, мінез-құлқы және уағыз айту өнері туралы да айтылды.

Дәріс соңында имамдар Алтынбек Ұтысханұлы және Серікхан Рымханұлына көкейінде жүрген, имамдық қызмет барысындағы түрлі мәселелер туралы сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.

Сондай-ақ, дініміз Исламға зор үлесін қосып, жамағат тәрбиесіне жіті көңіл аударған мешіт қызметкерлері ҚМБД төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Семинар қорытындысы бойынша имамдар ғалым-ұстаздардың дәрістерінен білімдерін жетілдіріп, рухтарын нәрлендірді.

Талдықорған өңірінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру