Алматы қаласы, Жетісу аудандық мешіттерінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық науқаны өтті.
Шараны өткізудегі басты мақсат еліміздің ертеңі болған бүлдіршіндерге көмектесіп, аз да болса жүректеріне иман нұрын ұялату. Игі шарға қатысқан ата-аналар мен балаларға «әл-Мәдина» мешітінің наиб имамы Кертаев Бағлан исламдағы бала тәрбиесінің артықшылығы мен білім алудың маңыздылығы жайында уағыз айтты.
Халқымызда: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», – деген нақыл бар. Осы мақсатта біріккен Жетісу ауданыдық мешіттерінің ұйытқы болуымен өткен шарада 50 бала мектепке керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.08.2016
3906
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру