Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің жариялаған «Дін мен дәстүр» жылы бастамасы аясында облыс әкімдігі мен облыстық дін істер басқармасының ұйытқы болуымен Шымкент қаласы облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасынан «Діндегі дәстүрдің маңызы» атты имандылық телехабары жарық көруде. Телехабардың жүргізушісі болып белгілі журналист Төребек Байтасов қызмет атқарады. Бұл апта сайын жарты сағаттық бағдарлама жыл соңына дейін жалғасын табады. Оған жергілікті қазынадан қаржы бөлінді.
Осы телехабардың алғашқы түсіріліміне ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, "Дін мен дәстүр" төңірегінде сұхбат берді.
Осындай имандылығымыз бен дәстүрімізді дәріптейтін бағдарламалар саны арта берсін дегіміз келеді.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.08.2016
3273
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру