Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінде 2016-2017 оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті.
Емтихан алу жұмысына ҚМДБ "Білім және ғылым" бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы Анарқұл Сармановтар қатысты. Биылғы жылы емтихан тест және арнайы шығармашылық пән негізінде алынды.
ҚМДБ бекіткен «Исламтану» факультетінің «Имам Хатиб» және «Ислам негізі пәнінің мұғалімі» пәндеріне жалпы саны 203 шәкірт құжат тапсырды. Нәтижесінде ерлер бөліміне 135 үсіткер қабылданып, оның ішінде 100 үміткерге (грант) тегін оқу мәртебесі берілді. Ал қыздар бөліміне 32 қыз-бала қабылданды.
Аталмыш оқу ордасында студенттерге барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, жатақхана, асхана, кітапхана, спорт зал, мешіт, компьютерлік сыныптар, қыздар бөліміне тігін цехі, т.б. қажетті дүниелермен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, биылғы жылдан бастап медресеге 9-11 сынып бітіргендер қабылданды.
Алла Тағала шәкірттеріміздің зейін ашып, мол ілім нәсіп етсін!
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.08.2016
4115
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру