Алла Тағалаға иман келтірген қоғамды тәрбиелеуді мақсат еткен Пайғамбарымыз (ﷺ) ілім алуға, тәлім-тәрбиеге үлкен көңіл бөлді. Пайғамбарымыздың (ﷺ) іс-әрекеттеріне қарайтын болсақ онда біз көбінесе мұғалім, шәкірт, кітап тағы сол сияқты сөздерді көптеп кездестіреміз. Хадис ғылымына бір көз жүгіртсек бұл жайында мыңдаған хадис табарымыз анық.
Осы мағынада оған түскен алғашқы уахи «Оқы» деп бастау алды. Сондықтан, оған және үмметіне «оқу» алғашқы әмір, бұйрық болды. Бұған қоса ілімге жол көрсетіп, ғалым кісілерді мадақ еткен аяттар да бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде өзінің мақсат – мұратын: « Алла Тағала мені мұғалім қылып жіберді», - деп баяндайды.
ҚМДБ Павлодар облысындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжіне 2016-2017 жаңа оқу жылына қабылдау емтиханы аяқталды. Қабылдау емтиханына ҚМДБ Жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исенов және аталмыш медресенің ұстаздары қатысты. Емтиханға жалпы 30 шәкірт қатысты. Қатысушылардан алғашқы екі пәннің (Қазақстан тарихы, қазақ тілі) бірінен тестілеуден өте алмағандары мамандық бойынша тапсыратын емтиханға жіберілмеді.
Олардан «өте жақсы» деген бағалаумен 3 шәкірт, «жақсы» деген бағалаумен 15, «қанағаттанарлық» деген бағалаумен 5 үміткер барлығы 23 тәлімгер медресеге оқуға қабылданды.
Алла Тағала біздердің біліміміз бен тәрбиемізді Ислам талабына толықтай берік қылсын. Әмин.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.08.2016
3542
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру