Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда «Біз мектепке барамыз» акциясы өтті

29.08.2016 3682 0 пікір

Тамыз айының 25 жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешіті мен Зекет Корпоративтік қорының ұйымдастыруы бойынша жаңа оқу жылының қарсаңына орай, «БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» атты қайырымдылық акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша «БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» атты акция биылғы жылы да бүлдіршіндердің оқуға деген талабына қолдау танытып, көңілдеріне үлкен қуаныш сыйлады.

Алдын-ала жарияланған акция тамыз айының 25-і күні мәресіне жетіп, Қарағанды облыстық орталық мешітінде арнайы табыстау рәсімімен аяқталды. Қайырымдылық шараға ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша өкілі, Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, Зекет Корпоративтік қорының өкілі Еркебай Жұматай және жастар ісі бойынша жауапты өкілі Нұржігіт Оразалыұлы қатысты.

Игі шараны Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы ашып берді. Өз сөзінде өкіл имам балауса бүлдіршіндерді басталғалы отырған жаңа оқу жылымен құттықтап, елімізге пайдасы тиер өрелі азамат болып өсулерін тілеп, батасын берді. Қарағанды қаласындағы тұрмысы төмен, көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі бірақ оқуға қабілетті балаларға жәрдем ретінде ұйымдастырылған шара аясында 150 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке тарту етілді.

Сондай-ақ, дәл осындай игі шара өңіріміздегі «Бала қажы» мешіті мен Балқаш қалалық орталық мешітінде де жалғасын тапты. 130 бүлдіршінді мектепке дайындаған «Бала қажы» мешіті мен 20 оқушыға мектепке қажет құрал-жабдықтар мен спорттық киімдер үлестірген Балқаш қалалық орталық мешіті шағын тартуларымен жеткіншектерді бір қуантып тастады.

 

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру