Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ: Алып шаһардағы «Мектепке жол» науқаны

29.08.2016 4147 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық жұмыстары аясында жылдағы үрдіс бойынша еліміздің жер-жерінде «Мектепке жол» қайрымдылық науқаны өткізіліп келеді. Бүгін Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет Бостандық ауданында әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға ұйымдастырылған «Мектепке жол» қайрымдылық науқанына қатысып, бүлдіршіндерге ақ батасын берді.

Бостандық ауданына қарасты мешіттер мен ҚМДБ Жастар ісі бойынша Алматы қаласы өкілдігі бірлесе ұйымдастырған бұл шарада 85 бала қамтылды.

ҚМДБ бастамасымен елімізде қала, облыс, аудан, ауылдық деңгейде ұйымдастырылып жатқанқан науқан аясында Алматы қаласы жалпы 1500 балаға көмек беруді жоспарлап отыр.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру