
Қайырымдылық жасау ‒ әр мүмін азаматтың парызы десек, оны жүзеге асырып, жастарды ізгілік пен имандылыққа шақыру барша мұсылман қауымының міндеті болып есептелінеді. Сондай-ақ, хақ дініміздегі ең сауапты істердің бірі – мұқтаждардың мұңын ойлап, қиналған адамдарға қолдан келгенше қайырымдылық көмек көрсету.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен еліміздің әр түкпірінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталып, мектеп жасындағы балаларды қажетті оқу құралдары, киім-кешектермен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылып жатыр. ҚМДБ Алматы өңірі бойынша өкілі Қуаныш Бақытбекұлының «Балаларға қуаныш сыйлайық!» атты бастамасы аясында 27 тамыз күні облыстық «Қарасай батыр» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Қайырымдылық іс-шара аясында мектеп жасындағы 157 бүлдіршінге мектепке қажетті оқу құралдары таратылды. Сонымен қатар, Бас имам білім алудың маңызы мен пайдаларына тоқталып, оқушылардың тәрбиелі, ақылды, адал болып өсулері туралы насихатын айтты. Жиын соңында балалар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Алматы облыстық орталық «Қарасай батыр» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.08.2016
3491
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру