
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайырымдылық шараларына үлкен маңыз беріп келеді. «Мектепке жол» акциясы да осы игілікті шараның бір көрінісі болып табылады.
Бұл шараға Республикамыздың барлық мешіттері жыл сайын тұрақты түрде атсалысып келеді. Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің тізімінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған, мұқтаж жанұялардағы 40 балаға сөмке, оқуға қажетті құрал-жабдықтары арнайы табысталды.
Жаңа оқу жылы қарсаңында қуанышқа бөленген балғындар мен ата-аналар өз кезегінде сауапты шараға ұйытқы болған «Бекет-ата» мешітінің бас имамы мен қызметкерлеріне алғыс-тілектерін айтты.
Алматы қаласы, Алатау аудандық
«Бекет-ата» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.08.2016
3851
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру