Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өткізілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, еліміздің барлық өлкелерінде жыл сайын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді.
Аталмыш игі шарадан Елорда мешіттері де тыс қалмады. Өкілдіктің тапсырмасы аясында бас шаһардағы басты мешіттерде акция өз жалғасын табуда.
Осындай қайырымдалық акциялардың бірі бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де өткізілді.
Үрдіске айналған қайырымдылық акциясы аясында Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың және жалғыз басты аналардың бүлдіршіндері сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушыларға материалдық қолдау көрсетілді.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіннің Бас имамы Жұманазар Садырханов бүлдіршіндерді алда келе жатқан Құрбан айт мерекесі және Білім күнімен құттықтап, Бас мүфтидің бастамаcымен іске асырылып жатқан игі шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
Акция барысында Сарыарқа ауданында тұратын 110 оқушыға тиісті оқу құрал-жабдықтары мен мектеп сөмкесі және әр оқушыға 7750 тг көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Осының нәтижесінде қамқорлыққа мұқтаж көптеген балалар жаңа оқу жылына даярлықпен баратын болды.
Осылайша, Арқа төсіндегі ажарлы мешітте жылдағы үрдіс бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өз жалғасын тапты.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.08.2016
4176
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру