Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАҚ - Информбюро: Шығыс Қазақстанда ақсақалдар форумы өтті

26.08.2016 4050 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында ақсақалдардың форумы өтті. Қазыналы қарттардың басын қосқан жиын Қазақстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қолға алған форумның мақсаты - ақсақалдарды қоғамдағы өткір мәселелерге араластырып, түйткілдердің шешу жолдарын бірлесіп іздеу болып табылады. Ұйымдастырушылар, әсіресе, бағыт - бағдар беруші қарттар жастардың жат ағымдар жетегінде кетпеуіне пайдасын тигізетініне сенімді. Әзірге жиын тек Шығыс Қазақстан облысының ақсақалдары арасында ұйымдастырылып отыр. Бірақ алғашқы отырыс нәтижелі болса, форум жарты жылдан кейін қайта өткізілуі мүмкін.

 

ЕРМЕК МҰҚАТАЙ, Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы Шығыс Қазақстан Өскемен өңірі бойынша өкіл имам:

- Бір мемлекеттің ақсақалдары жаман болса, ол мемлекеттің жастары да жаман болады. Ал енді ол елдің ақсақалдары мықты болса, ол мемлекеттің жастары да мықты болады. Себебі ол үлгі тұтарлық деңгейде болады.

31.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру