Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде имамдарға арналған семинар өтті

26.08.2016 3302 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысы  Өскемен қаласында облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен және облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ат салысуымен өңір имамдарына апталық семинар басталды.

Семинарға қатысушы имамдарға  ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы, ШҚО дін істері басқармасының басшысы М.Мұхамеджанов, МСМ Дін істері комитетінің дін мәселелерін ғылыми зерттеу, талдау орталығының исламды зерттеу бөлімінің басшысы, дінтанушы ғалым М.Исахан, «Аңсар» кеңес беру орталығының жетекшісі А.Сабдин және дінтанушылар мен тарихшылар қатысып, дәріс оқыды.

Мұнда, әсіресе, діни экстремизм, терроризммен күрес, жат ағымдардың таралуына жол бермеу мәселесі кеңінен қозғалды.

Сонымен қатар, имамдардың біліктілігін арттыру, заман талабына сай имамдардың жаңа бет-бейнесін қалыптастыру туралы да ұтқыр ойлар мен ұтымды кеңес берілді.

Семинарға қатысқан имамдарға Сертификаттар табыс етілді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру