
Ислам шариғатын дұрыс түсіну, елдік тұтастығымызға ойы бөтен әлдебіреулердің іріткі салуына жол бермеу, ханафи мазхабын берік ұстану - бүгінгі күннің басты талаптарына айналып отыр. Осы орайда ел жастарын ақпараттандыру, лаңкестік әрекеттерді жасаушы тәкфирлік сенім ақидасынан әрбір адам өзін аулақ ұстауы, Ислам - бейбітшілік пен тыныштық діні екенін ұғындыру мақсатында Маңғыстау өлкесінде арнайы іссапармен жүрген республикалық ақпараттық насихат тобы кезекті жиынын өткізді.
Арман жастар орталығының кең залына жиналған үкіметтік емес ұйымдар, әскери қызметкерлер, сарбаздар, жастар РАНТ тобының мүшелері - белгілі теологтар айтқан насихат-түсіндіру жұмыстарын тыңдады.
Мамандар жат ағымның жетегіне кететін көбінесе жастар екенін айтады. Сондықтан діни сауатты ғаламтордан не мемлекетке қарсы ой айтатын бөгде адамдардан емес, арнайы ҚМДБ тарапынан бекітілген имамдардан алу - құрдымға кетпеудің алғы шарты болмақ.
Осы және өзге де діни мәселелер, жат ағымдардың сипаттары мен зардабы, олардың идеологиясы туралы баяндамаларын оқыған мамандар жастарды жат пиғылдан сақтандырды.
РАНТ топ мүшелері - Ершат Оңғаров, Айнұр Әбдірәсілқызы, Досай Кенжетай келесі кезекте Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясында болып, мекеме қызметкерлерімен де кездесу ұйымдастырды. Мұнда да радикалды діни ағымдар мен дәстүрлі дініміздің айырмашылығын, олардан келетін қауіп-қатер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.08.2016
3384
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру