
Маңғыстау өңіріне арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық насихаттау тобы облыс орталығындағы оқу ордасында студенттермен кездесу өткізді. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жат ағымдар идеологиясына тосқауыл қою мақсатында үгіт насихат жүргізушілер өздерінің баяндамаларын оқып, дәстүрлі дін мен өзге ағым ұстанатындардың ақидасын, олардың теріс көзқарасының ара жігін түсіндірді. Жиын қонағы ҚР МСМ дін істері комитеті дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы қазіргі күні белең алған сәләфиттік идея туралы, олардың көсемдерінің жихадқа үгіттеп, ел басшылығына қарсы шығуды насихаттаудың соңы - мемлекетке зор қауіп төндіретінін айтты.
РАНТ мүшесі, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің хатшысы Ершат Оңғар: "Әулиелі өңірге келудегі мақсатымыз - діннің атын жамылған жат пиғылды топтар мен таза Ислам деп жалған ұран таратып жүрген топтардың қоғамға тигізер зардабының алдын алу. Осы орайда, мұнайлы өлкеде бірнеше жерде кездесулер ұйымдастырып, өңір халқымен ашық сұхбаттасамыз. ҚМДБ-ға қарасты республикалық топ құрамында 300-ден астам діни біліктілігі жоғары, сауатты исламтанушылар жұмылдырылған. Жыл бойы еліміздегі барлық қалада болып, насихат жұмысын жүргізудеміз", - деді.
Облыс имамдары мен жүзден астам студенттер, оқытушылар қатысқан жиында дін саласындағы өзекті мәселелер туралы көптеген ақпарат айтылды. Жастар жағы өздерін ойландырған сауалдарын қойып, дінтанушылардан жауап алды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.08.2016
3436
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру