Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей қаласында мектепке жол акциясы өтті

26.08.2016 3534 0 пікір

Семей қаласындағы Абай кітапханасында Семей қалалық ішкі саясат бөлімі, Жастар орталығы «Жанұя» қоғамдық қоры және Қос мұнаралы орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Шараны өткізудегі басты мақсат  күн көрісі төмен отбасы балаларына әлеуметтік тұрғыдан қамқорлық көсету болып табылады. Осының нәтижесінде балалар жаңа оқу жылына даярлықпен барады. Бұл жолғы шара да осыны мақсат тұтты. Абай кітапханасында қайырымдылық жасаушы мекеме өкілдері мен аз қамтылған отбасылардың балалары жиналған болатын. Шараға 100-дей адам қатысты.

Алғашқы болып сөз алған ҚМДБ Семей өңіріндегі өкілі, Семей орталық мешітінің Бас имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы игілікті шараның маңыздылығына тоқталып, оның төл дінімізде де сауапты амал екендігін айтып өтті. Сөз кезегінде "Төлеубекқажы" мешітінің имамы Ұлан Шрайынбеков жас шағында мейірім көрген баланың есейгенде де айналасына қамқор көзбен қарап, мейірімді болып өсетінін тілге тиек етті.

Қаламыздағы мешіттер бұл акциядан тыс қалған емес. Бұл жолы да әр мешіттің атсалысуымен оқушыларға арналған мектеп формасы, сөмкелер, оқу құралдары, киім-кешектер және ақшалай көмектер табыс етілді. Аз қамтылған отбасы балалары үшін бұл сыйлықтар үлкен көмек екені белгілі.  Келген ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп: "Әрбір істеген игі амалдарыңыз сауапқа толы болғай", - деп ақ тілектерін жаудырды.

 

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру