Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Үшқоңыр» медресе колледжінің ұлдар және қыздар бөлімінде қабылдау емтихандары аяқталды. Колледж статусын өткен жылы алған медресеге құжат тапсырған талапкерлердің арасында қыздардың саны ерекше көп болды. «Ұлдар бөліміне – 35, ал қыздар бөліміне 135-ке жуық оқушы құжат тапсырды. Бұл медресе тарихында алғаш рет. Талапкерлердің көп болуына медресенің колледж мәртебесін алуы да себеп болып отыр», – дейді медресе директоры Қуаныш Бақытбекұлы.
Талапкерлер Қазақстанның түрлі аймақтарынан келгендер. Бір қуантқаны, әйелдер жағынан дін маманы тапшы Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан аймақтарынан құжат тапсырғандар басым болды. Талапкерлердің 60 пайызынан астамы 9-сынып, 30 пайызына жуығы 11-сынып оқушылары.
Екі кезеңдік емтиханның біріншісі қазақ тілі және негізгі діни мағлұматтардан тест болса, екінші кезеңі әңімелесу негізінде өтті.
Әңгімелесу кезеңінде талапкерлерге ақида, фиқһ, Қазақстан және Ислам тарихынан сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, оқуға түсудегі мақсаты мен бітіргеннен кейінгі жоспарлары да сұралды. Емтихан нәтижесінде медресеге 35 ұл, 90 қыз бала оқуға қабылданды. Қыздардан 66-сы 9-сыныпты бітіргендер болса, ал 24-і 11-сынып бітіргендер.
Колледждің жыл сайын материалдық техникалық базасы нығайып келеді. Бірінші, екінші қабаттар соңғы еуропалық үлгідегі талаптарға сай жөнделген, оқу-зерттеу кабинеттері жетілдірілген. Оқу мекемесі толық интернет желісіне қосылып, оқу тәрбие үрдісі техникалық құралдармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, көрнекілік және дидактикалық материалдармен толық қамтылған. 100 орындық жатақхана, асхана, екі компьютер сыныбы және студенттердің денсаулығын қадағалап отыратын арнайы медициналық бөлме бар. Колледж ғимаратының ағымдағы жөндеу мен жылыту маусымына дайындау жұмыстары аяқталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Діни білім және ғылым» бөлімі медресенің дайындық жұмыстарына өте жақсы деген баға берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.08.2016
8697
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру