
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен «Орал» облыстық орталық мешітінің қолдауымен жаңа оқу жылы қарсаңында қаладағы аз қамтылған 11 отбасы балаларына мектеп сөмкелері таратылды.
Қиналған жанға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасау дініміздегі сауапты істің бірі. Өзгенің бір мұқтаждығын орындап, жәрдемдесу де жүректерді жұмсартады. Қайырымдылық етуді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы негізгі деп тапсырған төрт бағыттың ішіне кіргізіп, ұдайы назарында ұстауда. Игі бастама аясында өңір-өңірлерде қайырлы істер жалғасын табуда. Бас мүфти қойған қайырымдылық бағытқа ҚМДБ БҚО бойынша өкілдігі де қолдау жасап, айтарлықтай үлес қосу үстінде.
Әлбетте, әрбір сөмкеде оқу құралдары (дәптерлер, қалың дәптер, оқушы күнделігі, қаламсап, әртүрлі қарындаштар, ұштағыш, өшіргіш, т.б.) толтырылған.
Балаларын жетектеп келген ата-аналар алдында ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, барша қауымды жаңа оқу жылымен құттықтады. Ислам дініндегі оқу, білім алу турасында айтылған өсиеттерге, дана бабаларымыздың сөздеріне тоқталып, тұщымды уағыз айтты.
Келген ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп: "Әрбір істеген игі амалдарыңыз сауапқа толы болғай", - деп ақ тілектерін жаудырды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.08.2016
3416
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру