Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе. Ақсақалдар болашақ қажыларға елдің бірлігін тілеуді аманаттады

24.08.2016 3894 0 пікір

Кеше «Нұр ғасыр» облыстық орталық мешітінде биыл қажылыққа баратын болашақ қажыларға арнайы дәріс оқылып, ақсақалдар ақ жол тілеп, бата берді. Өкіл имам Төлеби Оспан қажылық сапары барысында кездесетін қиындықтарды айта келе, барынша сабырлылық пен төзімділік танытуға шақырды. «Қажылық – туристік сапар емес, бұл құлшылық сапары. Сол себепті, сапар барысында қажылық ғибадатының дұрыс орындалуына мұқият көңіл бөліңіздер. Уақыттарыңызды тиімді пайдаланып, барынша мешіттерде құлшылық етумен отбасыңыз үшін, еліміз үшін игі тілек тілеуді ұмытпаңыздар. Сондай-ақ, қажылық барысында діни басқарма тарапынан құрылған Қажылық миссиясының өкілдері болып табылатын ұстаздар мен имамдарды ғана тыңдаңыздар, білмейтіндеріңізді солардан сұраңыздар», - деген кеңесімен бөлісті.

«Ақтөбе» медресесінің ұстазы Бауыржан Нұрғалиев та ақтөбелік болашақ қажыларға ұлы ғибадаттың шарттары мен маңыздылығын түсіндіріп, ихрам ораудың әдіс-тәсілдерін көрсетті. Кездесу соңында мешіт ақсақалдары жолға жиналып жатқан ақтөбелік ағайынның қажылықтарын аман-есен орындап келуін тілеп бата берді. Қажыларға басты байлық – елдің тыныштығы мен амандығын Алладан тілеуін аманаттады.  

 

«Нұр ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру