
Маңғыстау облыстық орталық мешіті және Зекет қорының Маңғыстау өкілдігінің бірлесуімен "Мектепке жол" акциясы ұйымдастырылды. Жанашыр-демеушілердің көмегімен 128 оқушыға оқу құралдары салынған мектеп сөмкесі берілді.
Оқушыларға жасалған сый мешіт ішінде оларға арнайы табысталды. Балдырғандар жүздері қуанышқа толып, өздеріне берілген сөмкені рахмет айтып алып жатты. Еліктің лағындай үрпиісіп тұрған үш кішкентай қызды әңгімеге тарттық. Айсұлу, Жансұлу, Әмина - бір үйдің үш қызы. Әкелері шиттейінен қамқорлықсыз қалдырып, тастап кеткен. Үш қызды өсірем деп ауыр жұмысқа жегілген анасының бүгінде жұмысқа денсаулығы жарамайды. Үш қызға үкіметтің беретін жәрдемақысы да мардымсыз, әрқайсысына айына 2 мың теңге беріледі. Тұрмыс тапшылығын сезініп өскен үш балауса өздеріне берілген көмекке дән риза. "Мен сабағымды кілең 5-ке оқимын. Өзімнен кейінгі екі сіңліме қараймын, анам ауырып қалғанда тамақ әзірлеп, үй жинаймын",- дейді енді 3 сынып оқушысы атанғалы тұрған Айсұлу.
Өкіл имам С.Сейтбековтің айтуынша, көмек берілген оқушы балалардың барлығы мешіт тізімінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған, мұқтаж жанұялардың балалары. "Былтыр да жүзден астам балаға арнайы мектеп формасы мен сөмке үлестірген едік. Биыл 650 мыңнан астам қаражатқа оқу құралдары салынған сөмкені ұсынудамыз. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының арнайы тапсырмасы бойынша, бұл акция республика көлемінде жалғасып жатыр", - дейді облыстың бас имамы С.Сейтбеков.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.08.2016
4432
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру