Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мектепке жол - Ақмола»: 250 оқушыға көмек көрсетілді

24.08.2016 3582 0 пікір

Мешіт бес парызды өтейтін қасиетті орын ғана емес, сондай-ақ, жаны жабырқаған жандарға жанашыр болатын да киелі  мекен. Бұған жыл бойына мешіт жанында жасалатын қайырымдылық шаралары айқын мысал бола алады.

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасымен басталған «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы Ақмола облысында  жалғасын тапты. Облыстық «Науан Хазрет» мешіті мен «Зекет» корпоративтік қоры атқарған игі шарада барлығы 250 оқушыға оқу құралдары мен аспаптары салынған сөмкелер табыс етілді. Алдағы уақытта мешіт аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға мектеп киімі жөнінде де көмек көрсетпекші.

Мұндай ізгілік шаралары облыстың барлық аудан орталықтарындағы мешіттерде де қолға алынып отыр.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген ҚМДБ Ақмола облысы бойынша өкілі, «Науан Хазірет» мешіттің бас имамы Қанат Қыдырмин  жас ұрпақ өкілдеріне алда келе жатқан білім маусымында жақсы оқып, еліміздің болашақ тірегі болатын ұландар болып өсуіне тілектестігін білдірді.

Бақыт Смағұл,

Ақмола облысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру