Бүгін, Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешіттің мәжіліс залында облыс имамының орынбасарлары, қала, аудан имамдары, жергілікті Зекет қорының өкілдері, жастар ісі бөлімінің жетекшіліері мәжіліске қатысты.
Мәжілісті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек ашып, жүргізіп отырды. Шара аясында бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, қажылық курстары және қажылыққа ниет білдірушілерді тарту жайы, жергілікті ақпараттық-насихат тобының (ЖАНТ) жұмысы, жеке кездесу мәселелері, қайырымдылық шаралары мен діни сауат ашу курстарының жұмыс деңгейі талқыланды.
Мұнымен қатар, мұсылман әлемінің асыға күткен қасиетті Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде өткізу мәселелері пысықталды. Құрбан айт күндері мешіт ауласында киіз үйлер тігу, ұлттық ойын түрлеріне кезек беру, көпшілікке мерекелік дастархан жаю, мерекелік банерелер мен хабарландырулар ілу т.б. өзекті мәселелер айтылды.
Жалпы, мәжіліс барысында «Биылғы қазан-қараша айларында ауыл имам, молдаларының жыл бойы атқарылған іс-шараларының есебі тыңдалады. Ол өз кезегінде ауыл имам, молдаларына жауапкершілікті пен талапты күшейтеді» , - деді өкіл имам А.Керімбек.
Сондай-ақ, облыс деңгейінде барлық мешіттердің қатысуымен ағымдағы жылдың 11-қыркүйек күні Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Тазалық - иманнан» атты тазалық шарасы қолға алынатын болып шешілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Adilet Maksatkaliuly
islam.kz
23.08.2016
3680
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Администратор | 25.11.2016 11:12
asdasd