
Биыл 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан аумағында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткiзiлуде. Осы шара аясында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының тапсырмасы негізінде, Қостанай облысындағы қалалар мен аудандар және елді мекендердегі мешіттер де өз үлестерін қосты.
Жалпы осы акцияны өткізудегі мақсат – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде және әлеуметтiк себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету.
Iс-шараға мешітіміздің демеушілері, қажылар қауымдастығы және Қостанай облыстық зекет қоры тарапынан қаржылай көмек көрсетілуі негізінде ұйымдастырылды.
Акция аясында мектепке баратын балаларға керекті заттар, оқу құралдары, мектеп формасы мен қажетті спорт киімдер алынды.
Осылайша, облыс бойынша 276 оқушыға 1 840 392 теңге қаражатқа қайырымдылық шарасы өткізілді. «Лайым осы балалар еліміздің мақтанышы болғай», - деп Адиба әжей ақ батасын берді.
![]()
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.08.2016
3487
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Администратор | 24.10.2016 10:02