Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар Ислам институтында емтихан тапсырды

23.08.2016 3834 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы "Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына" (ИБЖИИ) оқыту курсының жаңа тобына еліміздің әр аймағынан, сонымен қатар Ресей мен Моңғолиядан оқуға қабылдау туралы 60 имамнан ұсыныс-өтініш келіп түсті.

Имамдарды оқуға қабылдау емтиханы 2016 жылдың тамыз айының 20-21 күндері Ислам институтында өткізілді. ИБЖИИ директоры, Алматыдағы «Төле би» мешітінің Бас имамы Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлының төрағалығымен өткен емтиханды қабылдау рәсіміне әл-Әзһар университеті (Египет) теология ғылымының докторы Өтеғали Метвалли, әл-Әзһар университетінің ұстазы, ақида ғылымдарының докторы Мадих Ахмад, ИБЖИИ оқу бөлім басшысы, фиқһ пәнінің ұстазы Юлдашев Тайыр, Құран ілімі ұстазы Әбдіхалық Рахымовтар қатысып, қазылық етті.

Аталған комиссия мүшелері емтиханды Құран сүрелерін жатқа оқу (25-30 сүре), фиқһ ілімі, ақида ілімі бойынша қабылдады.

«Тамыз-қазан» оқу курстарына қабылдау емтиханының бірінші күнінде 21 имам сынақ тапсырды. Қабылдау емтиханы екінші күні де жалғасын тапты.

Емтиханды қабылдау рәсімінді бірінші сөз алған ИБЖИИ директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы: «Оқуға емтихан тапсырған имамдар «жоғары» және «жалғаспалы» болып екі топқа бөлінеді. Топқа бөлу жұмысы имамдардың  тәжірибесі мен біліміне қарай анықталып, жүзеге асады. Институтқа білімін шыңдауға келген имамдардан талап етілетін үш қағида бар. Біріншісі – білім, екіншісі – ынта, үшіншісі – тәртіп. Осы үш қағиданың бірін ұстанбаған дәріс алушы қатаң ескерту алады, ал егер осы тәртіпті қайта бұзған болса, оқуды бітірді деген дипломнан және серитификаттан айырылуы мүмкін», – деп атап өтті.

 

ИБЖИИ баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру