Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшелерінің Жетісудағы жұмысы жалғасуда

23.08.2016 3209 0 пікір

ҚМДБ жанында құрылған Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі Серікхан қажы Рымханұлы және ҚМДБ-ның "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі Жетісу жерінде насихат жұмысын жалғастырып, асыл дініміз Исламның құндылықтарын үгіттеу жұмыстарын жүргізді.

Б. Әбдуәлі Жаркент қалалық мешітіндегі жамағатқа сәлихалы әңгімелер айтты. Жиылған жамағаттар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, берілген тұщымды жауаптарына қанағаттанып, ризашылықтарын білдірді.


Ал, Панфилов аудандық  мешітте өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлы, жұма намазын өткізіп, жамағатқа уағыз-насихат айтты.

Сол күні кешке іс-сапар Кербұлақ ауданы Сарөзек ауылы аудандық мешітте жалғасты. ҚМДБ "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы блім алудың артықшылығ мен мұсылман үмметінің бірлігі туралы дәріс жүргізді. Дәріс соңында көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарын қанағатты жауаптармен қанықтырды.

Талдықорған өңірінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру