
Тамыз айының 22 күні ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкілдігі және облыстық дін істері басқармасы бірлесіп «Исламның деструктивтік және радикалдық идеялардың алдын алудағы әлеуеті» тақырыбында облыстық оқыту-семинар жүргізілді. Семинарды өткізудің басты мақсаты діни радикализмге қарсы іс-қимыл саласында жұмыс істеп жүрген мамандарды радикалдық діни ұйымдармен жұмыстың жаңа әдістеріне үйрету, ҚР Президентінің Жолдауы аясында мемлекеттік конфессионалдық саясатты іске асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіптік білімі мен дағдыларын арттыру болып табылады.
Павлодар қаласындағы Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж ғимаратында өткен бұл іс-шараға қала және аудан имамдары, облыстағы ақпараттық топтың мүшелері, дін істері басқармасының және конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары қатысты.
![]()
Аталмыш шара барысында Павлодар облысы дін істері басқармасының бастығы Дәулет Қоқанұлы Зәкәриянов, «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры Рыздықова Гүлназ Мақсұтқызы, Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықтарды қадағалау бөлімінің бастығы, 1 сынып заңгері Әлиев Серік Жұматайұлы қатарлы лауазымды адамдар өз қызметтеріне қатысты күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелер жөнінде имамдарға кеңінен түсіндіріп, олармен пікір алмасты.
Сонымен қатар, ҚМДБ арнайы жолдамасымен келген теолеог, исламтанушы Қарақұлов Еркебұлан Ыбырайымұлы қала, аудан имамдары және ақпараттық топтың өкілдерінің экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша діни және теологиялық білімдерінің деңгейін арттыру, облыс тұрғындарының, соның ішінде, жастардың бойында антирадикалдық имуннитетті қалыптастырудың негізгі нысандары мен әдістері, әртүрлі мақсаттағы аудиториялармен жұмыс істеу дағдыларына үйрету бағытында кең көлемде баяндама жасады.
ҚМДБ өкіл имамы Нариман Ермекұлы бұл семинар туралы өз сөзінде «Бүгінгі оқыту-семинар аса нәтижелі өтті. Елімізге танымал дінтанушы Еркебұлан Ыбырайымұлы семинарға қатысушылармен тығыз әңгімелесу, тақырыпты талқылау, пікірталастар өрбіту, сұрақтарға жауап беру арқылы біздің имамдардың бүгінгі заман сұранысына сай білімін жетілдіруге көп үлес қосты», - деді.
![]()
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.08.2016
3768
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру