Қасиетті Құран Кәрімнің «Алақ» сүресінде: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!», - делінген.
ҚМДБ-ға қарасты Батыс Қазақстан облысындағы «Орал» медресе-колледжіне 2016-2017 оқу жылына қабылдау мақсатында талапкерлер емтихан тапсырды.
Құрамында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Жалпы және жастар ісі" бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, ҚМДБ Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, медресе-колледж директоры Әлімхан Тұрлыбеков, Орал орталық мешітінің наиб имамы, медресе-колледж ұстазы Мұратбек Қыстаубаев қатысқан қабылдау комиссия мүшелері оқу жылына шәкірттерге қабылдау емтиханын жүргізді.
Қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша емтиханға барлығы 25 талапкер қатысты. Аталмыш діни оқу орнына Батыс Қазақстан облысынан – 22, Маңғыстау облысынан - 3, емтихан қорытындысы алдағы уақытта жарияланады. Өткен талапкерлер «Орал» медресе-колледжінде білім алатын болады.
Алла Тағала ұрпақтарымызды байлық жинап жарысуда емес, ілім алуда жарысуын нәсіп еткей!
Емтиханнан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Жалпы және жастар ісі" бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан рухани білім ордасының ұстаздарымен жүздесті.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.08.2016
3205
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру