Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мектепке жол-2016» қайрымдылық акциясы жалғасуда

22.08.2016 3605 0 пікір

Бүгінгі таңда,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен, «Мектепке жол - 2016» атты қайырымдылық шарасы ел ішінде үлкен қолдауға ие болып, шараға қол ұшын беруші азаматтар саны артуда.

Осы шара аясында облыстық орталық мешіт және облыстық Зекет қорының ұйытқы болуымен Шымкент қаласына қарасты жағдайы төмен, әлеуметтік аз қамтылған 70 балаға қайырымдылық көмек көрсетіліп, мектепке арналған қажетті заттар мен сөмкелер  үлестірілді.

Шараға облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыстық Зекет қорының  жетекшісінің көмекшісі Ғалымжан Назаровтар  арнайы қатысып,  ізгілік тіледі.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру