Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бір баланы киіндір» қайырымдылық акциясы өтті

22.08.2016 3105 0 пікір

Ислам дінінде мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету, оларға қолдан келгенше көмек қолын созу сауапты істердің бірі болып саналатыны белгілі.

Бұл бағытта облыс мешіттері қайырымдылық шараларын жүйелі өткізіп, жабырқағанның жанынан табылып, қайырымды істерді барынша көбейтуде.

Биылғы жылы да жаңа оқу жылының қарсаңында ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті «Бір баланы киіндір» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акция өмірден өткен ата-бабалар рухына Құран бағыштаудан бастау алып, облыстағы құқық қорғау органдарының демеушілігімен барлығы 120 балаға көмек көрсетілді.

Атап айтар болсақ, оларға мектепке қажетті арнайы сөмке берілсе, оның іші қажетті дәптер, қалам, түрлі-түсті қағаздар, қаламсап секілді оқу құралдарымен толықтырылды.

Акция барысында сөз алған орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Б.Улжаев Исламдағы қайырымдылық пен білім алудың маңыздылығы төңірегінде насихатын жеткізді.

Сонымен қатар, аталмыш акцияға қалалық «Айтбай» мешіті де атсалысып, өз тарапынан үлесін қосты. «Айтбай» мешіті тарапынан да мұқтаж жандар шақырылып бүлдіршіндерге көмек көрсетілді.

Акция соңында балалар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру