Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын тәмамдады.
Осы екі айлық курста облыстық мешіттің наиб имамы, жас ұстаз Әлішер Ертайұлы шәкірттерге Ислам дініндегі «Құран әліппесі, әдеп пен тәлім-тәрбие, Ислам ғибадаты, пайғамбарлар тарихы» жайлы дәріс берді.
Ол балалардың уақытты тиімді пайдаланып, белгіленген мерзім ішінде тиянақты болуларына айрықша назар аударды. Сонымен қатар, балалардың ынтасын арттыру үшін түрлі ойындар өткізіп, арасында түрлі тәттілер мен сыйлықтар жасап отырды.
Ол үшін жастар ісі бойынша жауапты Жұмағұлов Омар ұйымдастырған жәрмеңкеден демеушілік танытылды.
Міне, енді бүгін салтанатты жыйында шәкірттерге 2 айлық курсты бітіргені туралы Сертификат пен сый-сияпат табысталды. Шара барысында наиб-имам Сыздықов Дархан ата-аналарға рахметін айтса, Ғайсин Жақсылық ата батасын берді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.08.2016
4116
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру