Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауда «Жат ағымнан жастарды сақтайық» тақырыбында кездесу өтті

22.08.2016 3778 0 пікір

Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов пен Ақшұқұр ауылының орта мектеп ұстаздарымен өткен кездесуге қатысты. Кездесуге облыстық Ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық дін істері басқармасының маманы, мұғалімдер және белсенді ақсақалдар қатысты.  Кездесу тақырыбы  - «Жат ағымнан жастарды сақтайық».

Елімізде орын алған соңғы оқиғалар кім-кімді де бей-жай қалдырмағаны белгілі. Дін мәселесі өзекті тақырыпқа айналды десек артық айтқандық болмас. Діни экстремизмнің алдын алу шаралары мейлінше атқарылып жатқанымен, радикалды діни топтар шетелден нұсқау алып, ел ішінде ылаң тудыруға тырысуда.


Кездесу барысында өкіл имам С.Сейтбеков дін атын жамылған ағымдардың зияны мен қаупіне тоқталып, сәләфизм ағымының қоғамға тигізер зиянын кеңінен түсіндірді. Сәләфизм ағымымен күресу үшін өзіміздің дәстүрлі дінімізді дұрыс түсінуіміз керек. Біз діннен қорықпайық, дін атын жамылған ағымдардан қорқайық деді. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі теріс идеологиядан шәкірттерді сақтандыру қажеттігін ұстаздарға айтып өтті.

Өкіл имам кездесу соңында ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

Маңғыстау облыстық орталық

 мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру