Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти «Ықылас» қарилар дайындау орталығында қыздар бөлімінің ашылуына қатысты

22.08.2016 6669 0 пікір

Шырайлы Шымкент қаласында жаңадан салынған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Ықылас» қарилар дайындау орталығының қыздар бөлімі ғимараты ашылды.

Ресми ашылу салтанатына  ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз және Түркия Республикасының ҚР төтенше және өкілетті елшісінің өкілі Ибрагим Элмаз, ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Әбсаттар Сманов және ҚМДБ бөлім меңгерішілері мен  т.б. мәртебелі қонақтар арнайы қатысты.

Ресми шара алдымен Құран Кәрім тіләуат етумен басталып, алғашқы құттықтау сөзді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаға берілді.  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің құттықтауын жеткізіп, үлкен рахметін білдірді. «Бұл «Ықылас» қарилар дайындау орталығы Орта Азия елдерінде теңдесі жоқ бірден-бір діни оқу ордасына айналады деген сенімдемін. Біз перзенттерімізді діни оқу орнына берген кезде имам, молда болсын деп емес,  иманды,  ибалы, адамгершілігі мен парасаты мол, елін, жерін ойлайтын ұрпақ тәрбилеу үшін беруіміз қажет», - деді наиб мүфти.

Сондай-ақ, осы «Ықылас» қарилар дайындау орталығының басы-қасында болып, құрылысын жүргізген елімізге белгілі, дінтанушы Қалиолла қажы Маджановқа қасиетті Құран Кәрімді  хадия етіп, иығына ақ шапан жауып құрмет көрсетті.

Осыдан кейін, Түркия Республикасының  ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісінің діни кеңесшісі Ибрагим Элмаз мырзаға беріліп, ол кісі алдымен Түркия діни істер басқармасының төрағасы,  профссор Мехмет Гормездің арнайы құттықтауын оқып берді. Ибрагим Элмаз мырза бұл қарилар дайындау орталығы екі бауырлас елдің алтын көпіріне айналады деген тілек білдірді.

Жалпы, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ғимараты үш қабаттан тұрады. Сыйымдылығы 120 орынға арналған. Онда сынып бөлмелері,  жатақхана,  асхана,  дәретхана,  шағын спорт залы,  конференция өткізу залы мен намазхана залдары  орналасқан. Мұнымен қатар,  қыздардың қосымша үйірмеге қатысуы үшін тігін цех бөлмелері жұмыс жасайды. Тігін цехында жаңа тігін машиналары  бар. Сондай-ақ, заман талабына сай  компьютер, интернет сыныптары жұмыс жасайды. Оқу ғимаратындағы барлық төсеніштер мен кілемдер қазақи ою-өрнектермен безендіріліп,  өнімдер жергілікті кәсіп орындарда  жасалған.

Біз өз кезегімізде, осындай діни оқу ордасына қол ұшын беріп, демеушілік танытқан барша жомарт жандарға  Алла разы болсын дегіміз келеді.

Мәртебелі қонақтарға Шымкент қаласы «Оңтүстік қабылдау» салтанат сарайында мерекелік дастархан жайылып, қонақ асы берілді.

Оқу ордасы  құтты болып,  қари-хафиз қыздарымыз көп болсын!

 

 SAM 761

 SAM 763

 

 SAM 768

 SAM 769

 SAM 770

 SAM 766

 SAM 767

 SAM 764

 SAM 765

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру