Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінде, алдын ала хабарлағанымыздай, жас жұбайларға арналған «Жанұя жарасымы» атты семинар-тренинг болып өтті. Мешіттің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен қолға алынған бұл жобаның тұсауы былтырғы жылы кесілген болатын. Жұртшылық тарапынан қызу қолдауға ие болған игі шара содан бері желісі үзілмей жалғасып келеді.
Бұл жолғы семинар-тренинг жұмыстарына қатысқан жастарға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамдары Руслан Қамбаров, Бақытжан Өткелбаев, Асқар Мұқановтар дәріс оқып, жанұя жарасымдылығына қалай қол жеткізуге болатындығы жайлы маңызды мәліметтермен бөлісті. Алғашқы болып сөз кезегін алған Руслан Қамбаров асыл дініміздегі ақ некенің мән-маңызын тереңірек түсіндіруден бастап, қазіргі кезде қоғам дертіне айналған талақ мәселесіне де тоқталып өтті. Қазіргі таңда кейбір жандардың бүгін үйленіп, ертең талақ беріп жататын жағдайлары кездеседі. Неке мен талақ мәселесін ойыншыққа айналдырған осы секілді оқиғаларды қозғап өткен имам уағызы жас жұбайларға отбасы құрғаннан кейін қандай жауапкершілік жүктелетіні жайлы түсіндіріп берді. Ал, Бақытжан Өткелбаевтың дәрісі отбасылық бақытқа жетудің жолдары жайлы болды. Екі жастың отбасылық кикілжіңдерді оңай еңсеріп, бақытты болудың басты себептерін санамалап берген имам дәрісінің қатысушылар үшін маңызы ерекше болғаны сөзсіз. Сондай-ақ, күйеуі мен әйелінің шариғи құқықтары мен міндеттері жайлы сөз қозғаған Асқар Мұқановтың уағызы жас жұбайлардың ерекше ден қойып тыңдаған тақырыбы болды.
Muslim.kz







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.08.2016
3581
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру