Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО-да "Мектепке жол" қайырымдылық шарасы өтті

22.08.2016 3302 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Орал қаласындағы Облыстық «Ивушка» балалар туберкулез санаторийіне облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов арнайы ат басын бұрып, "Мектепке жол" қайырымдылық шарасын жасады.

Бұл шараға өкіл имам Руслан Сұлтанов, Тәжіден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің найб имамы Искалиев Талғат қатысты.

Білім мерекесіне орай өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы: "Балаларды келе жатқан білім мерекесімен құттықтап, санаторийімізде емделіп,  тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерге «Білім, достық, татулық, мейірім» жайында уағыз айтып, көпшілікке кеңінен түсіндірді. Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы әр сөзінде  балаларға көмек беру баршамыздың міндетіміздеп тілге тиек етеді. Осыған орай, білім мерекесінде барша сәбиді қуанту мақсатында, балаларға оқу құралдары мен киім-кешектерді табыс етті. 

Руслан Тыныштықұлы  қасиетті Құран Кәрімді оқып,   дұға жасады. Барша сәбидің қуаныштары қойнына сыймай, ақ тілектерін  арнап,  «Ивушка» Облыстық балалар туберкулез санаторийінің  бас дәрігері  Әлия Қабиболлақызы өз ризашылығын білдірді.

 

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз  қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру